Тауар белгісін (сауда маркасын) бағалау

  • Жұмыс уақытында өтінімге 15 минут ішінде жауап береміз!
  • Тегін кеңес
  • 20% жеңілдік заңды тұлғаларға
«Алматы Бағалау Орталығы» әртүрлі материалдық емес активтерді тәуелсіз бағалауды жүргізеді, солардың бірі – тауар белгісін (сауда маркасын) бағалау.

Тауар белгісі (сауда маркасы) кәсіпорындардың тауарлары немесе қызметтері арасындағы айырмашылықты қамтамасыз етеді және зияткерлік меншіктің қорғалатын құқығы болып табылады.

Тауар белгісінің (сауда маркасының) құнын бағалау оған құқықтарға билік ету кезіндегі ақшалай баламасын белгілеуден тұрады.

Бағалау қызметтеріне сұраныс екі себеппен түсіндіріледі:
1. сенім артылған тауар белгісі компанияларға пайданың негізгі бөлігін қамтамасыз етеді;
2. компаниялар тауар белгісін (сауда маркасын) капиталдандыру міндетін енді ғана қойып отыр.

Тауар белгісін (сауда маркасын) бағалау мынадай жағдайларда қажет:
  • Алынатын асқын пайданы анықтау үшін;
  • Жарғылық капиталға салым ретінде енгізу үшін;
  • Тауар белгісін сатып алу-сату мәмілесінің бағасын негіздеу үшін;
  • Кәсіпорынды сатып алу-сату үшін;
  • Лицензиялық шарттар жасасу үшін;
  • Залалды анықтау және сақтандыру үшін;
  • Франчайзинг үшін;
  • Компанияға кредит беру кезінде кепіл үшін;
  • Дұрыс маркетингтік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін.

Бағалау жүргізуге қажетті құжаттар тізбесі:
  • Тауар белгісіне (сауда маркасына) куәлік;
  • Осы бренд ұсынатын тауарлар мен қызметтер тізімі;
  • Табыс мөлшері және оларды алу көздері туралы мәліметтер;
  • Өнімнің өзіндік құнының мөлшері;
  • Бухгалтерлік және салық есептілігі;
  • Ұйымның бизнес-жоспары;
  • Тауар белгісін құруға және қорғауға жұмсалған шығындар туралы мәліметтер;
  • Оған байланысты шектеулер мен ауыртпалықтар туралы мәліметтер.
Тауар белгісін (сауда маркасын) бағалауға арналған құжаттардың толық тізімін зияткерлік меншік объектісін егжей-тегжейлі қарап-тексеріп, тапсырыс берушімен келіссөз жүргізгеннен кейін хабарлаймыз. Қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін.

Бағалау үшін бізге хабарласып, 20% жеңілдік алыңыз!
Өтінім қалдырыңыз, біз міндетті түрде қайта қоңырау шаламыз!

ПІКІРЛЕР

«Центр Оценки Алматы» бағалау компаниясы туралы

Бағалау қызметтерінің түрлері

«Центр Оценки Алматы» бағалау қызметтерінің барлық түрін көрсетеді