Көлікті бағалау

  • 20% жеңілдік заңды тұлғаларға автокөлікті бағалау қызметтеріне
  • Тегін кеңес
  • Объектіге тегін барамыз

Автокөлікті бағалау – автомобиль сияқты көлік құралының нарықтық құнын анықтау процесі. Ол көлік құралының әділ бағасын анықтау үшін маркасы, моделі, шығарылған жылы, техникалық жай-күйі, жүрісі және басқа да параметрлер сияқты әртүрлі факторларды талдауды қамтиды.

Көлікті бағалау әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі, соның ішінде:
  • сату және сатып алу, жалға беру (лизинг): бағалау сатушылар мен сатып алушыларға мәміле жасау кезінде әділ бағаны анықтауға көмектеседі;
  • сақтандыру: сақтандыру компаниялары бағалауды сақтандыру құнын және сақтандыру жағдайы кезінде залалды өтеу сомасын анықтау үшін пайдаланады;
  • ипотека және кредит беру: банктер бағалауды көлік кепілге қойылған кредит беру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланады;
  • салықтар және салық базасы: бағалау көлік құралдарына салық салу үшін салық салынатын базаны анықтауға көмектеседі;
  • сот процестері: сот дауларында бағалау көлік құнының дәлелі бола алады.

Көлікті бағалауға арналған құжаттар:
  • жеке тұлғалар үшін жеке куәлік;
  • заңды тұлғалар үшін деректемелер;
  • көлік құралының техникалық паспорты;
  • көлік құралын сатып алуды растайтын төлем құжаттары (бар болса);
  • көлік құралының техникалық байқаудан өткенін растайтын құжаттар (ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда);
  • көлік құралының бастапқы құны немесе қалдық баланстық құны туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін).

Назар аударыңыз: автокөлікті бағалауға арналған құжаттардың толық тізімін объектіні егжей-тегжейлі қарап-тексеріп, тапсырыс берушімен келіссөз жүргізгеннен кейін хабарлаймыз. Қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар бағалаушыға автомобильді суретке түсіруге рұқсат беру қажет.

Заңды тұлғаларға автомобильді бағалау қызметтеріне 20% жеңілдік береміз.

Автокөлікті бағалау туралы есеп (үлгі)

Өтінім қалдырыңыз, біз міндетті түрде қайта қоңырау шаламыз!

ПІКІРЛЕР

«Центр Оценки Алматы» бағалау компаниясы туралы

Бағалау қызметтерінің түрлері

«Центр Оценки Алматы» бағалау қызметтерінің барлық түрін көрсетеді