5-тарау. ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
26-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары
Тапсырыс берушінің:
1) бағалаушыдан не бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалау жүргiзуге қатысты талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алуға;
2) бағалау туралы есеп негiзделетiн нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
3) бағалаушыдан не бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғадан бағалау амалдары мен бағалау әдiстерi туралы қажеттi ақпаратты алуға;
4) бағалаушы не бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға бағалау жүргізу шартының талаптарын бұзған жағдайда, олар көрсететін қызметтерден бас тартуға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
27-бап. Тапсырыс берушінiң мiндеттерi
Тапсырыс берушi:
1) бағалау жүргізу шартына сәйкес бағалауды уақтылы және сапалы жүргiзу үшiн бағалаушыға немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаға жағдай жасауға;
2) бағалаушыға немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және анық ақпаратты беруге, сондай-ақ қажетті түсіндірмелерді беруге, бағалаушының бағалау объектісіне кіруін қамтамасыз етуге;
3) егер бағалаудың анықтығына терiс әсерін тигізетін болса, бағалаушының қызметiне араласпауға;
4) бағалаушының немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның талап етуі бойынша бағалау жүргiзуге қажеттi ақпаратты алу үшін өз атынан үшiншi тұлғаларға жазбаша сұрау салуды жiберуге;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге міндеттерді орындауға мiндеттi.
28-бап. Дауларды қарау
Бағалауды жүзеге асыру кезінде бағалаушылар палатасы, бағалаушы, бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға, тапсырыс беруші немесе үшінші тұлғалар арасында туындайтын, оның ішінде бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу арқылы шешілмеген даулар сотта шешіледі.
6-тарау. БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
29-бап. Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
Ескерту. 29-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 4) т. қараңыз).
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды, бағалаушылар палаталарының Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Бағалау қызметі саласында бағалаушылар палаталарының қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
3. Бағалаушылар палатасының қызметіне тексеру жүргізу туралы шешімді бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалаушылар палатасының, оның мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды бұзғаны туралы жеке және заңды тұлғалардың арыздары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, құқық қорғау органдарының жүгінімдері мен сұрау салулары негізінде қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасын, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды бұзушылық анықталған жағдайда бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалаушылар палатасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жібереді.
Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған кезде бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалаушылар палатасын осы Заңның 16-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бойынша кейіннен бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдары тізілімінен алып тастай отырып мәжбүрлеп тарату жөнінде сотқа жүгінеді.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. 4) т. қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
1-1) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
2) бағалаушылар палатасының қызметін бақылау;
3) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;
3-1) жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізу;
4) бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жасау;
5) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;
7) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
8) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жіберу;
9) бағалаушылар палатасын осы Заңда көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
10) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) алып тасталды - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
32-бап. Өтпелі ережелер
1. Бағалаушылар палаталары осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң құрылуы мүмкін.
Бағалаушылар палатасы құрылған кезде бағалаушылар – бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар оның мүшелері бола алады.
2. Бағалаушылар палатасы құрылған күннен бастап үш ай ішінде бағалаушылар палатасы біліктілік комиссиясын құрады.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін атауларында "бағалаушылар палатасы", "Республикалық бағалаушылар палатасы" деген толық немесе толық емес сөз тіркестері пайдаланылып тіркелген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.
4. Бағалаушылар – бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялары бар жеке тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бағалаушылар палатасында біліктілік емтиханынан өтпестен, "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті алуға құқылы.
5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаларға берілген және олар алған бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 30-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев