Қаржы құралдарын бағалау

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына 6-қосымша



«Қаржы құралдарын бағалау» бағалау стандарты

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 519 бұйрығына

6-қосымша

"Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептерді жасау ерекшеліктерін, қаржы құралдарын бағалау кезінде нарықтық немесе өзге де құнын белгілеу бойынша міндеттерді шешу үшін қажетті тәсілдерге, әдістерге және талдамалық рәсімдерге қойылатын талаптарды белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
2. Осы стандарт шеңберінде бағалау объектісі қаржы құралы - ақшалай қаражатты не онда көрсетілген тараптар үшін басқа да қаржылық сыйақыны алуға немесе төлеуге құқықтарды немесе міндеттемелерді жасайтын құжат болып табылады. Оның мысалдары туынды құралдар, тіркелген табысы бар құралдар, құрылымдалған өнімдер және үлестік қаржылық құралдар, болмаса нақты таза нәтижеге жету үшін қоржында құрамалау жолымен жасалған басқа да қаржылық құралдар болып табылады.
3. Стандарт, оның ішінде:
1) бизнесті немесе бизнестің бөліктерін сатып алған, қосылған және сатқан;
2) сатып алған-сатылған;
3) қаржылық есептілікті жасаған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған;
5) тәуекелді басқарудың ішкі рәсімдері және сәйкестікке тексерілген;
6) салық салынған;
7) сот талқылаулары жағдайында қолданылады.
4. Биржадан тыс нарықтың қаржы құралдарын не белсенді болудан қалған нарық құралдарын бағалау үшін бағалаушы бағалаудың өзге де стандарттарымен, оның ішінде "Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау" стандартымен регламенттелетін бағалау әдістерін пайдаланады.
5. Бағаланатын активтерді немесе міндеттемелерді сәйкестендіру туралы талаптарды сақтау мақсатында мынадай мәселелерге назар аударылуы керек:
1) құралдарды бағалауға жататын сыныптар;
2) бағалау жекелеген құралдарға немесе құралдар қоржынына жататы ма жоқ па;
3) есепке алу бірлігі.
6. Осы стандартта мынадай ұғым пайдаланылады:
1) активтің өтімділігі – сатып өткізу жылдамдығына байланысты ең аз ақшалай залалдармен тездетіп сату қабілеттігі;
2) биржалық нарық – биржалық мәмілелерді жүзеге асыру үшін регламенттелген қағидалары бар белгілі бір қаржылық құралдардың нарығы;
3) биржадан тыс нарық биржалық саудаға жіберілмеген қаржылық құралдардың айналыс саласы болып табылады. Бұл негізінен айналысқа шектеулі шығарылымына байланысты листингтен өтпеген немесе сенімділігі жеткіліксіз шағын компаниялардың үлестік және борыштық құралдары;
4) белсенді нарық – жасалатын операциялардың үлкен көлемімен, жоғары бәсекелестікпен және ұсынысу бағасы мен сатып алу арасындағы болар-болмас айырмамен сипатталатын нарық.

2-тарау. Есептілік жасаудың ерекшеліктері
7. Қаржылық құралдардың қарастырылып отырған санатына байланысты есепті жасаған кезде есепті пайдаланушыларға бағаланатын құралдың әрбір сыныбының сипатын және құнға әсер ететін негізгі факторды түсінуге мүмкіндік беретін толық ақпараттың ашылған жөн.

3-тарау. Қаржылық құралдарды бағалаудың тәсілдері мен әдістері
8. Қаржылық құралдардың нарықтық немесе өзге де құнын анықтау кіріс, шығын және салыстырмалы тәсілдерге топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.
9. Тәсілдерді және оларға сәйкес келетін бағалау әдістерін пайдалану ашық көздерден алынатын ақиқат нарықтық деректердің негізінде жүргізіледі.
10. Кірістік тәсілдің әдістері:
1) капиталдандыру әдісі
Ақшалай ағынды капиталдандыру әдісін қолдану саласы ақшалай ағындары ұзақ мерзімді негізде күтілетін тұрақты сипаттағы қаржылық құралдар болып табылады;
2) ақшалай ағындарды дисконттау әдісі.
Ақшалай ағынды капиталдандыру әдісін қолдану саласы ағындары тұрлаусыздығына байланысты тұрақты емес сипаттағы қаржылық құралдар болып табылады.
11. Капиталдандырудың (дисконттаудың) тиісті мөлшерлемесін анықтаған кезде ақшаның уақытша құнын және ықтимал қосымша тәуекелдерді өтеу үшін осы құрал бойынша талап етілетін қайтарым мөлшерлемесі бағаланады. Ықтимал қосымша тәуекелдердің құрылымына жеткілікті негіздеу мүмкін болған кезде мынадай факторлар енгізіледі:
1) осы құрал бойынша талаптар, мысалы кезектілік;
2) кредиттік тәуекел (контрагенттің белгіленген мерзімінде төлем жүргізу мүмкіндігіне байланысты тұрлаусыздық);
3) осы құралдың өтімділігі және нарықтық сатымдылығы.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.08.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Шығындық тәсілдің әдістері. Қаржылық құралдарды бағалауға шығындық тәсіл қор биржасының трендтерінің негізінде қаржылық құралдардың құнының өсуі немесе құнсыздануын ескере отырып, тек индекстеу әдісімен іске асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.08.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Салыстырмалы тәсіл. Салыстырмалы тәсілді қолданған кезде өтімдік биржасында бағалау күнінде немесе осыған өте жақын күнде сауда-саттықта алынған баға ұқсас құрал пакетінің нарықтық құнының ең үздік көрсеткіші болып табылады.
14. Егер салыстырылатын активтер ұқсас, мәміле немесе ұсыным бағасының күні бағалау күніне жақын және өзінің өзектігін сақтаған және қарастырылып отырған пакеті салыстыруға келетін болса, бағаларды түзетудің қажеттігі жоқ, қалған жағдайларда мәні дәлелденетін қажетті түзетулер енгізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.08.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Қаржылық құралдардың көптеген типтерін ескере отырып, бағалауға арналған тәсілді таңдаған кезде құралдың өтімділігі немесе нарықтық белсенділіктің ағындағы деңгейі қарастырылады.
16. Төмен өтімділік және нарықтық белсенділік болған жағдайда түзетулер немесе басқа да салыстырмалы мәмілелер туралы ақпаратқа негізделген кіріс деректерін өлшемдер тәсілдер қолданылады.
17. Бірнеше тәсілді және оларға сәйкес келетін әдістерді қолдану кезінде бағалаушы:
1) есепте басқаларын пайдаланудан уәжделген бас тарту келтіре отырып, алынған нәтижелердің бірін таңдайды;
2) нәтижелерді келісу рәсімін пайдаланады (екі және одан да көп тәсілдер мен әдістерді пайдалану кезінде);
3) келісудің математикалық әдістерінің кез келгенін пайдаланады;
4) объектіні бағалау құнының алынған нәтижесін екіұшты талқылауға жол бермеу үшін барлық шараларды алдын ала қабылдайды.
Оставьте заявку и мы Вам обязательно перезвоним!

ОТЗЫВЫ

Об оценочной компании «Центр оценки Алматы»

Виды оценочных услуг

«Центр Оценки Алматы» оказывает все виды оценочных услуг