Құн түрлері

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығына 3-қосымша



«Құн түрлері» бағалау стандарты

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 519 бұйрығына

3-қосымша

"Құн түрлері" бағалау стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.08.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Құн түрлері" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттары ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалау мақсатын, бағалау нәтижесін болжамды пайдалануды, бағалау туралы есепте көрсетілген нарықтық және өзге де құн түрлерін айқындауды қорытынды шама ретінде ашады. Құн түрін таңдау объектіге бағалау жүргізуге шарт жасасудан бұрын болады және бағалау мақсатына, бағалау объектісінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ нормативтік талаптарға байланысты болады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Бағалаудың мақсаты мен міндеті
2. Бағалаудың мақсаты бағалау объектісінің құнын айқындау болып табылады, оның түрі бағалау міндетін ескере отырып, бағалау шартында айқындалады.
3. Бағалаудың міндеті – бағалау нәтижесін болжамды пайдалану. Бағалау жүргізілетін міндет нақты анықталуы керек, өйткені бағалау нәтижелері мәлімделген міндеттен бөлек немесе бағалау арналмаған міндет үшін пайдаланылмауы маңызды. Бағалаудың міндеті пайдаланылатын құн түріне/түрлеріне әсер етеді.
4. Бағалау нәтижесі бағалау бір күнге айқындалған бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы болып табылады.
Бағалау нәтижесі тараптардың бағалау объектісімен іс-әрекеттер жасау үшін бағаны айқындау кезінде, оның ішінде сатып алу-сату, жалға немесе кепілге беру, мәжбүрлеп алып қою, сақтандыру, кредит беру, жарғылық капиталға енгізу кезінде, салық салу мақсаттары үшін, қаржылық есептілік жасау, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жекешелендіру, мүліктік дауларды шешу (оның ішінде соттарда), басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда пайдаланылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 22.04.2024 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Құн түрлері
5. Осы стандарт құнның мынадай түрлерін қамтиды:
нарықтық;
әділ;
инвестициялық;
тарату;
кәдеге жарату;
өзге де түрлері.
6. Нарықтық құн – тараптардың әрқайсысы жақсы хабардар бола отырып, мәжбүрлеусіз және есеппен тиісті маркетинг жүргізгеннен кейін коммерциялық мәміле нәтижесінде мүдделі тұлға мен сатып алушы арасында бағалау күніне активті ауыстыру жасалатын ақшалай есеп айырысу сомасы.
7. Әділ құн – осы тараптардың тиісті мүдделерін көрсететін нақты сәйкестендірілген, хабардар етілген және мүдделі тараптар арасындағы активті немесе міндеттемені сату кезіндегі ақшалай есеп айырысу сомасы.
8. Инвестициялық құн – олардың жеке инвестициялық немесе операциялық (шаруашылық) мақсаттарын ескере отырып, нақты иеленуші немесе әлеуетті иеленуші үшін активтің құны. Инвестициялық құнды айқындау кезінде нарықтық құнды айқындаудан айырмашылығы ашық нарықта иеліктен шығару мүмкіндігін есепке алу міндетті емес.
9. Тарату құны – актив немесе активтер тобы бөлшектеп сатылған кезде түсуі мүмкін ақшалай есеп айрысу сомасы. Тарату құнында активтерді сату алдындағы дайындықты жүргізуге арналған шығындарды, сондай-ақ оларды өткізу жөніндегі қызметке арналған шығындарды ескерген жөн. Тарату құнын айқындау кезінде нарықтық құнды айқындаудан айырмашылығы сатушыны бағалау объектісін нарыққа сәйкес келмейтін шарттарда сатуға мәжбүр ететін төтенше жағдайлардың әсері ескеріледі. Тарату құны құнды анықтау кезінде екі түрлі алғышарттар негізінде анықталады:
қарапайым маркетингтік кезеңмен реттелген мәміле;
қысқартылған маркетинг кезеңімен мәжбүрлі мәміле.
10. Кәдеге жарату құны – экономикалық өмір сүру мерзімінің соңында, яғни мүлікті пайдалану қауіпті немесе мүмкін емес болған кезде активке түскен ақшалай есеп айырысу сомасы. Кәдеге жарату құны сату алдындағы дайындыққа және өткізуге арналған шығындарды шегергенде, не бағалау объектісінің иеленуден шығу (меншік құқығын тоқтату) шарттарын ескеретін өзге де тәсілмен бағалау объектісін жойғаннан (бөлшектегеннен, бөлшектегеннен, бұзғаннан) кейін қалатын активтер құнының жиынтығы ретінде айқындалады.
11. Осы стандартта көрсетілмеген басқа да құн түрлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес белгіленеді. Құнның басқа түрлерін қолданған кезде бағалау туралы есепте құн түрінің көзі көрсетіледі және оның анықтамасы беріледі, ал бағалауға берілген тапсырма құнның осы түрін қолдану себебін ашады.
Оставьте заявку и мы Вам обязательно перезвоним!

ОТЗЫВЫ

Об оценочной компании «Центр оценки Алматы»

Виды оценочных услуг

«Центр Оценки Алматы» оказывает все виды оценочных услуг