Бағалау стандарттарын бекіту туралы бұйрық

2018 жылғы 5 мамырдағы № 519

Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жылжымалы мүліктің құнын бағалау" бағалау стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау" бағалау стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Құн түрлері" бағалау стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау" бағалау стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқығы" бағалау стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.08.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10580 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15145 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 маусымда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
"___"____________2018 жыл
Оставьте заявку и мы Вам обязательно перезвоним!

ОТЗЫВЫ

Об оценочной компании «Центр оценки Алматы»

Виды оценочных услуг

«Центр Оценки Алматы» оказывает все виды оценочных услуг